Ұлттық спорт
Көшпенділер ойынындағы алғашқы алтын қоржынға түсті
Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион атанды.
Дүбірлі додада 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан финалда моңғол балуанын жеңіп кетті.
Ол небәрі екі минутта қарсыласынан «таза жеңіс» әдісімен басым түсті.
Айта кетсек, қазақ күресінен алты салмақта жүлделер сарапқа салынады. Енді ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі) бозкілемге шығады.
Ал әйелдерде Рауза Нұрмахаметова (55 келі), Зарина Сарипова (65 келі) және Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.