Футбол

Футбол: Екінші лиганың чемпионы анықталды

Футболдан Қазақстанның екінші лигасының Солтүстік-Шығыс дивизионында чемпион анықталды.

Алматының «Хан-Тәңірі» («Хан-Тенри») клубы топ жарды. Бұл жекеменшік команда биыл Екінші лигаға тіркелген болатын.

Олар алғашқы мүмкіндіктерінде-ақ мақсаттарына жетті. 20 ойында 53 ұпай жинады (17 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс). Доп айырмасы – 55:18.

Келесі жылы Бірінші лигада ойнайды. Команданы қаңтар мен маусым айы аралығында Алмас Құлшынбаев жаттықтырды. Қазір тізгін Асқар Қожабергеновтің қолында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button