Футбол

Олжас Абраев «Интер» – «Барселона» матчына тағайындалды

Ойын Миландағы «Сан Сиро» стадионында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі Италияның «Интер» және Испанияның «Барселона» клубтарының арасындағы ойынның делегаты болып тағайындалды.

Ойын 4 қазаннан 5 қазанға қараған түні Астана уақытымен 01:00-де өтеді.

УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі.

Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары, сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button