Футбол

«Ақтөбе» чемпиондыққа тағы бір қадам жасады

"Ақтөбе" биыл чемпиондықтан басты үміткер. Андрей Карпович шәкірттері премьер-лиганың 22-турында "Каспийден" басым түсті.

Ойын барысында олардың қатарынан Әлібек Қасым 20-минутта пенальтиден есеп ашса, Максим Самородов 43, 53-минуттарда қос голдың авторы атанды. Кездесу нүктесін 67- минутта Бауыржан Байтана қойды.

Нәтижесінде ақтөбелік команда турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. Чемпион атануға мүмкіндігін арттыра түсті.

«Ақтөбе» – «Каспий» – 4:0

Голдар: Әлібек  Қасым 20 (пенальти), Максим Самородов 43, 53, Бауыржан Байтана 67

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (Қ) – Әділхан Таңжарықов, Артурас Жулпа (К), Әлібек Қасым, Владимир Гинаитис – Рамазан Оразов, Йоахим Адукор, Бауыржан Байтана, Арман Кеңесов, Максим Самородов – Жерар Гоу;

«Каспий»: Алексей Козлов (Қ) – Мақсат Тайкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Павел Киреенко – Думан Нәрзілдаев (К), Шафик Тигруджа, Аслан Әділ, Рубен Бриджидо, Руан Телеш – Иван Пешич;

Басқа жаңалықтар

Back to top button