Футбол

Ертең Өзбекстан мен Қазақстан кездеседі

16 қарашада футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.

Қазақстандық футболшылар бұған дейінгі ойынын қыркүйек айында Ұлттар лигасында Әзербайжан құрамасына қарсы өткізген еді. Соған қарамастан олар өз тобында бірінші орынмен В дивизионында сынға түсуге жолдама алды. Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өтпелі ойындарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ал Өзбекстан құрамасы қыркүйек айының аяғында Коста-Рикамен жолдастық кездесуде қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездесті. Оның біреуінде қазақстандық футболшылар жеңсе, екеуінде өзбекстандық құрама басым түсті. Үш ойын тең нәтижемен аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button