Футбол

БАӘ – Қазақстан жолдастық кездесуіне төрешілер құрамы анықталды

19 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді.

Ойында Египеттің төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас төреші – Махмуд Закария Аль-Банна, оның көмекшілері Ахмед Хоссам Эль-Дин және Сами Мұхаммед Әбу Зейд болады.

Zayed Sports City Stadium-да өтетін ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

БАӘ құрамасы ФИФА рейтингінде 69-орында.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Ташкентте Өзбекстан ұлттық құрамасынан 0:2 есебімен ұтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button