Аралас жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов тағы жеңілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Америка Құрама штаттарында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетті.

Ол америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) жекпе-жекке шыққан болатын. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу 3 раундқа есептелген. Төрешілер жеңісті АҚШ өкіліне берді.

Осылайша, Чарльз Джонсон өзінің кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Жалғас Жұмағұлов 8-ші рет жеңілді.

UFC-дегі кездесулерге келетін болсақ, Жалғас Жұмағұлов бұл алаңда 5 рет жеңіліс тапты (тек бір рет қана жеңді). Джонсон болса алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button