Футбол

Әлем чемпионаты. Қатар алғашқы ойында жеңіліп қалды

Қатар елінде футболдан XXII әлем чемпионаты басталды. Алаң иелері алғашқы ойында Эквадордан жеңіліп қалды.

Турнирдің алғашқы матчы «Әл-Байт» стадионында өтті. Бұл ойында Эквадор 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да шабуылшы Эннер Валенсия бірінші таймда соқты. Төреші футболшының тағы бір голын есепке алмады.

Осы ойыннан кейін Эквадор құрамасы А тобында бірінші, Катар соңғы орында тұр.

Енді бүгін Сенегал мен Нидерланды құрамалары кездеседі.

Әлем чемпионаты 2022. А тобы. Бірінші тур.

Катар – Эквадор – 0:2 (0:2)

Гол соққан: Валенсия 16 (0:1), Валенсия 31 (0:2)

Төреші: Орсато (Италия)

20 қараша. Эль-Хаур. «Әл-Бейт» стадионы. 60 000 көрермен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button