Бокс

WBO: Жәнібек Әлімханұлы мен Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек тағайындалды

Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта (-72,6 кг) әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық нокаутшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек уақытын белгіледі. Бұл туралы boxingscene.com сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

«WBO чемпиондық комитеті тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздер бастауды тапсырады. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», – делінген.

Егер тараптар 5 желтоқсанға дейін ортақ келісімге келе алмаса, аукцион тағайындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button