Футбол

Тағы бір сенсация. Германия алғашқы ойында жеңілді

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күнінде тағы да сенсация тіркелді. Е тобындағы Германия құрамасы Жапонияға жол берді.

Германия осымен екінші әлем чемпионатында алғашқы ойында есе жіберіп отыр. 2018 жылы Мексикадан жеңілген. Ол жолы топтан шыға алмай қалған.

Бұл жолғы матч Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесуге ұқсады. Неміс машинасы бірінші таймда пенальтиден есеп ашқан. Нүктеге келген Илкай Гюндоган мүлт кетпеді.

Бірақ екінші таймда жағдай өзгеріп шыға келді. Нәтижесінде 75-минутта Рицу Доан таразы басын теңестірсе, Такума Асано 83-минутта Жапонияны алға шығарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button