Бокс

Садриддин Ахмедов жекпе-жек өткізетін уақыт анықталды

Эстефан қарсыластың атын және Садриддиннің айқасы өтетін қаланы нақтылаған жоқ.

Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Эстефан бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінің күнін жариялады.

Промоутер өзінің Twitter парақшасында Ахмедов жекпе-жекті 17 желтоқсанда Қазақстанда өткізетінін жазды. Эстефан қарсыластың атын және Садриддиннің айқасы өтетін қаланы нақтылаған жоқ.

Бұған дейін Ахмедовтің кездесуі 11 желтоқсанда Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді деген хабар тараған еді.

Садриддин өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың 29 қаңтарында өткізді: ол кезде Нидерланд өкілі Стивен Даньоны жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button