Футбол

Вахид Масудов сыйлығының иегері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымды қорытындылап жатыр.

ҚКФЛ өткен маусымының үздік жартылай қорғаушысын анықтау үшін Қазақстан чемпионаты командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама жүргізді.

2021 жылдан бастап маусымның үздік жартылай қорғаушысы жүлдесі белгілі қазақстандық футболшы, ал қазір тәжірибелі бапкер Вахид Юнусович Масудовтың есімімен аталады.

Дәстүрлі сауалнама қорытындысы бойынша еліміздің үздік жартылай қорғаушысы болып қостанайлық «Тобылдың» және Қазақстан құрамасының көшбасшысы Асхат Тағыберген атанды. 32-жасар ойыншы аталмыш жүлденің иегері болып екінші рет қатарынан атанды.

Өткен маусымда Тағыберген чемпионатта 24 матч өткізіп, 8 гол соқты, сондай-ақ 5 нәтижелі пас авторы атанды. Қазақстан құрамасының сапында Асхат 7 ойын өткізіп, 2 нәтижелі паспен есте қалды.

Үздіктер тізімінде «Астананың» хорватиялық легионері Марин Томасов екінші орынға ие болды. Елордалық команданың легионері кезекті нәтижелі маусымды өткізіп, чемпионаттағы 25 ойынға қатысты. Маусым қорытындысы бойынша ол 15 гол соғып, 9 нәтижелі пастың авторы атанды.

Үздік үштікке шымкенттік «Ордабасы» командасының ойыншысы Эльхан Астанов кірді. 22-жасар футболшы Чемпионаттағы барлық ойындарда алаңға шықты. Эльхан 7 гол соғып, 6 нәтижелі паспен көзге түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button