Футбол

Португалия плей-оффқа жолдама алды

Футболдан Қатардағы әлем чемпионатының екінші турының соңғы ойынында Португалия Уругвайдан басым түсті.

Бірінші таймда гол соғылмады. Ойынның екінші бөлігінде Рафаель Герейродан допты алған Бруну Фернандеш 54 минутта матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Уругвай есе қайтаруға тырысып, тайлы тұяғымен шабуылдаса да нәтиже шығара алмады. Төреші ойын соңында оңтүстік америкалық футболшының қақпа алдында қолмен ойнағанына байланысты Португалияның пайдасына пенальти белгіледі. Бұл жолы да Бруну Фернандеш қателеспеді. Ойын соңына дейін Уругвай гол соға алмай, бұл кездесуде жеңіліс тапты.

Осы жеңістен кейін Португалия құрамасы Н тобында алты ұпай жинап, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Бұған дейін команда Гана құрамасын жеңген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button