Бокс

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Тарихқа үңілер болсақ, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпионаты осы облыстағы Екібастұз қаласында 1993 жылы ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы Кереку өңірі еліміздегі басты бәсекені 2-мәрте қабылдады. Арада көп уақыт өтпей шаршы алаң шеберлері мұнда қайта жиналды.

IBA ережесі бойынша 13 салмақтың (48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75,80, 86, 92, +92 кг) чемпионы мен жүлдегерлері белгілі болады. Чемпионатқа 2004 жылға дейін дүниеге келген спортшылар қатысады.

Жекпе-жектерде 20-ға жуық төреші қызмет етеді. Қазылар алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші – Қайрат Жаманқұлов.

Жанкүйерлерге кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button