Бокс

Комадан шықан Айдос Ербосынұлы елге келді

Отандасымыз, боксшы Айдос Ербосынұлы аса ауыр нокауттан кейін командаға түсіп, біраз алаңдатып қойған. Енді жақында ол аурухандан шығып, елге оралды.

Қарашада Айдос кубалықпен Миннеаполисте (АҚШ, Миннесота) жұдырықтасып, Моррель 12-ші раундта жеңген болатын. Айқастан кейін Ербосынұлы жергілікті ауруханалардың біріне жеткізіліп, оның миына қан құйылғаны анықталған болатын. Боксшы жасанды комаға түсіп, ота жасалды. Бірнеше апта бойы дәрігерлердің бақылауында болды.

Айдос Instagram Stories-те әуежайда достары мен туыстары қарсы алып жатқан бірнеше видео мен фото жариялады. Бұған дейін ол жанкүйерлеріне қолдау білдіргендері үшін алғыс айтып, болашақта рингке оралғысы келетінін айтқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button