Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль бұйырды

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин қола медаль алды.

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин қола медаль алды.

Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 73 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар арасында жарысқа түскен Алексей Чуркин 323 келі нәтижені (153 келі – жұлқа көтеру және 190 келі — серпе көтеру) көрсетті.

Аталған салмақта индонезиялық спортшылар Рахмат Абдулла — 352 (152+200) мен Ризки Джуниансьяху — 347 (155+192) бірінші және екінші орынды бөлісті.

Айта кетсек, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Колумбия астанасы – Богота қаласында өтіп жатыр. Бұл сында елімізден 13 атлет қатысып жатыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button