Футбол

Марокко – Жартылай финалға өткен Африкадағы алғашқы құрама

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына үшінші жолдаманың иегері анықталды.

Ширек финалдағы үшінші кездесуде Марокко және Португалия құрамалары кездескен.

Матчтағы жалғыз голды Юссеф Эн-Несири 42-минутта соқты. Яхья Аттьят-Алланың айып алаңына көтерген добы Эн-Несири сәтті пайдаланды, өз құрамасына жеңіс сыйлады.

Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға 51-минутта шықты. Ол Рубен Невесті алмастырды. Бұл матч Роналду үшін ұлттық құрамадағы 196-ойыны болды. Ол ұлттық командалар үшін ең көп матч өткізген футболшы.

Айта кету керек, Марокко құрамасы мундиальдың жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық команда болды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button