Футбол

Аргентина араға 8 жыл салып әлем чемпионатының финалына өтті

Аргентина құрамасы Катардағы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия командасын ұтты.

Бұл кездесуде аргентиналықтар сапында бірінші голды Лионель Месси салды. Ол 11 метрлік айып добын соғып, қақпаны дәл көздеді. Араға бес минут салып Месси хорваттардың бірнеше футболшысын алдап, командаласы Хулиан Альварестің есепті еселеуіне мүмкіндік жасап берді.

Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан алаңға шықты. Бірақ есепті қысқарта алмады. Керісінше, 69-минутта Альварес Мессидің пасынан кейін тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп  3:0 болып, Аргентина осымен әлем чемпионаттарының төртінші рет финалына шықты. Соңғы рет 2014 жылы ойнаған.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы финалда 15 желтоқсанда өтетін Франция мен Марокко матчының жеңімпазымен ойнайды.

Ал, финал 18 желтоқсанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button