Бокс

Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары айқасудан қашатын боксшылар тізіміне енді

Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бұрынғы әлем чемпиондары Хайме Мунгия мен Деметриус Андраде бас тартқан болатын.

ESPN Ringside Twitter аккаунтында қарсылас табу қиынға соғатын боксшылар тізіміне шолу жасады.

Қарсыластар бокстасудан ең көп қашатындардың арасында WBO орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. Сондай-ақ бұл тізімге Шакур Стивенсон, Джарон Эннис, Верджил Ортис және Давид Бенавидес те кірген.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бұрынғы әлем чемпиондары Хайме Мунгия мен Деметриус Андраде бас тартқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button