Аралас жекпе-жек

Дамир Ысмағұлов жеңіліс тапты

Оның қарсыласы рейтингтің тоғызыншы нөмірі Арман Царукян (19-3) болды.

UFC-дегі үздік қазақ жауынгер Дамир Ысмағұлов (24-2) Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде жеңіліс тапты. Оның қарсыласы рейтингтің тоғызыншы нөмірі Арман Царукян (19-3) болды.

Кештің басты оқиғасы болған жекпе-жек үш раундқа есептелді. Бұл айқаста 26 жастағы Царукян төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Арман өз күресін көрсетуге тырысты және бұл оның қолынан келді де.

Рейтингте 12-орында тұрған 31 жастағы Дамир үшін бұл соңғы 20 жекпе-жектегі бірінші, мансабындағы екінші жеңілісі. Ол соңғы рет 2015 жылдың қыркүйегінде M-1 Global лигасының турнирінде ұтылған.

Царукянға келетін болсақ, ол UFC-де алтыншы жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button