Бокс

Атақты боксшы Болат Теміров өмірден өтті

Бокстан КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Барселона Олимпиадасының қатысушысы Болат Теміров 54 жасына қараған шағында өмірден өтті.

«Атырау бокс федерациясы даңқты атыраулық боксшы, спорт ардагері Болат Теміровтің өмірден өтуіне байланысты отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.Болат Теміров Атырау боксының феномені, ел спортының дамуы жолында орасан зор еңбек еткен тұлға. Батыр есімі бокс тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз!», – делінген Атырау бокс федерациясының хабарламасында.

 

Болат Теміров өткен ғасырдың 80-90 жылдары әлемдік аренада атой салған. Қазақстан құрамасының капитаны болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button