Футбол

Бензема Франция құрамасы сапындағы карьерасын аяқтады

Биылғы «Алтын доптың» иегері Карим Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

«Мен барынша тырыстым және жіберген қателіктерім де болды, бұл мені бүгінгі жағдайға әкелді және мен оны мақтан тұтамын», – деп жазды футболшы Twitter парақшасында.

Бензема жарақатына байланысты Қатарда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады және өткен жылы командаға Ұлттар лигасында жеңіске жетуге көмектесті.

Бұған дейін интимдік видео арқылы бопсалады деген айыппен шабуылшы ұлттық құрама сапында бес жыл ойнай алмаған болатын.

Бұған дейін Франция құрамасы мен Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема алған жарақатынан толықтай айығып, құрама сапына қайта қосылуы мүмкін екені айтылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button