Бокс

Бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды

Медальдар он екі салмақ дәрежесінде сарапқа салынды.

Қостанайда әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Ұлттық біріншілікте Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Владислава Кухта (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) топ жарды.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Қазақстан әйелдер құрамасы Амман қаласында (Иордания) өткен Азия-2022 чемпионатында өнер көрсетті. Онда қазақстандық спортшылар тоғыз медаль жеңіп алды: үш алтын, бір күміс және бес қола.

Басқа жаңалықтар

Back to top button