Бокс

Садриддин Ахмедов жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Ол Нкулулеко Мхлонгомен жұдырықтасады

Қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) 2021 жылдың қаңтарынан бастап өзінің алғашқы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Садриддиннің айқасы 24 желтоқсанда Алматыда Sadu Arena-да өтетін кештің басты жекпе-жегі болады. Оның қарсыласы Оңтүстік Африкадан шыққан «Бульдог» лақап атымен танымал Нкулулеко Мхлонго (23-10-1, 18 KO).

Естеріңізге сала кетейік, 24 желтоқсандағы бокс кешінде Батыр Жүкембаев да шаршы алаңға шығады. Ол Оңтүстік Африка өкілі Ксолани Мкотелимен (19-7, 12 КО) жұдырық түйістіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button