Бокс

Головкиннің айқасы 2022 жылғы үздік жекпе-жектер қатарына енді

Головкиннің жеңісті жекпе-жегі 2022 жылдың үздік 5 жекпе-жектің қатарына енді.

Сәуір айында өткен қазақстандық Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек DAZN ағындық платформасының нұсқасы бойынша жылдың үздік 5 жекпе-жегіне енді.

Муратаға тиесілі орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super үш атағы үшін айқас Сайтамада (Жапония) өтті және Головкиннің тоғызыншы раундтағы нокаудымен аяқталды.

Головкин-Мұрат жекпе-жегімен қатар DAWN үздіктер қатарына мына айқастарды жатқызған: Ли Вуд – Майкл Конлан, Кэти Тейлор – Аманда Серрано, Саул «Канело» Альварес-Дмитрий Бивол және Хуан Франциско Эстрада-Роман Гонсалес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button