Аралас жекпе-жек

Дамир Ысмағұлов күтпеген жерден карьерасын аяқтады

Ресей атынан сынға түсетін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов өз мансабын аяқтайтынын хабарлады.

«Өкінішке қарай, жағдайға және денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Ұрыстардағы нәтижеге қарамастан менімен бірге болған, шын жүректен уайымдағандардың барлығына рахмет», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Дамир Исмағұлов кәсіби аренада 26 кездесу өткізіп, оның 24-де жеңіске жетті. 2018 жылдан бастап UFC лигасында өнер көрсетті.

Оқырмандар бұл күтпеген жаңалық екенін жазды. Дамирге спорттағы достары қолдау білдірді.

«Бауырым, сенің әлі талай жекпе-жектерге шығып, жеңіске жететініңе сенімдімін! Чемпион еңсеңді түсірме!», – деп жазды қазақстандық боксшы Артем Резников.

Басқа жаңалықтар

Back to top button