Футбол

«Астана» қорғаушысымен қош айтысты

Денис Поляков келісімшарт мерзімінің аяқталуы себепті командадан кетті.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Беларусь қорғаушысы «Астана» құрамына 2022 жылдың ақпан айында қосылып, алғашқы маусымында елордалық клубтың Қазақстан чемпионатында жеңіс төрінен көрінуіне үлес қосты. Денис астаналық құрам сапында 24 матч өткізіп, 1 гол соқты.

«Астана» футбол клубы Дениске команданың өткен маусымда қол жеткізген жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, израилдік «Хапоэль» құрамында табысты өнер көрсетуіне тілек білдіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button