Футбол

Қайрат Нұрдәулетов «Астананың» жаттықтырушылар штабынан кетті

2022 жылы ол елордалық клуб пен Қазақстан жастар құрамасындағы (U-21) жұмысын қатар алып жүрді

40 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов «Астана» жаттықтырушылар штабынан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

2022 жылы ол елордалық клуб пен Қазақстан жастар құрамасындағы (U-21) жұмысын қатар алып жүрді. Сербиялық маман Сржан Благоевич отставкаға кеткеннен кейін Нұрдәулетов Григорий Бабаянның жаттықтырушылар штабында жұмысын жалғастырып, «Астанамен» бірге ҚПЛ чемпионы атанды.

Маусым соңында келісімшарт аяқталғаннан кейін Нұрдәулетов елордалық клубтан кетіп, әзірге Қазақстанның U-21 жастар құрамасында жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулетов мансабын аяқтағаннан соң Қазақстан құрамасында Александр Бородюктің жаттықтырушылар штабына кіріп, бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button