Футбол

Бауыржан Исламхан Болгария клубына ауысуы мүмкін

Екі жыл допингке байланысты алаңға шыға алмаған Бауыржан Исламхан жаңа клуб іздеп жүр. Кейбір ақпарат көздері оны Болгарияға да баруы мүмкін екенін айтып жатыр.

«Бізде бар ақпарат бойынша, Исламхан болгариялық командаға қосылуы мүмкін. Бауыржан қалай ойнайтынын «Левски» бапкері Станимир Стойлов жақсы белгілі», -деп жазды  телеграм арналардың бірі.

Жартылай қорғаушыға сонымен қатар Қазақстанның «Ақтөбе» және «Каспий»клубтары да қызығушылық танытып отыр.

Еске салайық, Бауыржан 2020 жылы қыркүйекте «Әл-Айн» клубында ойнап жүріп, допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттелген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button