Теннис

АusOpen-2023: Путинцева алғашқы айналымда жеңіске жетті

Алғашқы айналымда ол әлемнің 43-ракеткасымен кездесті.

Юлия Путинцева AusOpen-2023 турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп жазады qazaqsporty.kz.

Австралия ашық біріншілігінде қазақстандық теннисші әлемнің 43-ракеткасы румыниялық Сорана Кирстядан басым түсті.

Юлия қарсыласынан үш сет қорытындысы бойынша айласын асырды. 1 сағат 51 минутқа созылған матч 2:6, 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Бұған дейін Елена Рыбакина да турнирді сәтті бастағанын хабарлағанбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button