Футбол

«Шахтер» клубының бас бапкері тағайындалды

Игорь Солошенко - Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушісі

«Шахтердің» бас бапкері болып Игорь Солошенко тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып qazaqsporty.kz хабарлайды.

Игорь Солошенко – Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Футболшы ретінде «Шахтер», «Жеңіс», «Аят», «Тобыл», «Ақжайық», «Ертіс» және «Оқжетпес» командаларында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 11 матч өткізді.

Қарағанды клубымен бірге Қазақстан чемпионы (2012) және екі дүркін қола жүлдегер (2007, 2009) атанды. «Жеңіс» құрамында Қазақстан Кубогын жеңіп алды (2002) және «Тобылмен» (2005) чемпионаттың күміс медалін алды.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Шахтер» футбол орталығының жаттықтырушысы және негізгі команданың дене шынықтыру жаттықтырушысы болып жұмыс істеді, сонымен қатар «кеншілердің» спорт директоры қызметін атқарды.

Соңғы үш маусымда «Шахтер-Болат» командасының бас бапкері болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button