Бокс

Боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Венгриядағы Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирді аяқтады.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы ширек финалда украиналық Александр Хижнякпен кездесіп, төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, Оралбай үш күнде үш жекпе-жек өткізді. Олардың екеуі бір күні – 8 ақпанда болды. Сол күні ол ағылшын Джордж Кротти мен фин Никита Нюстедтті жеңді.

Нұрбек жастар арасында 2018 жылғы әлем чемпионы. Хижняк 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем және Еуропа чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы еуропалық ойындардың жеңімпазы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button