Бокс

Қазақстандық боксшы WBC атағы үшін таласады

Әзірге қарсыластың кім екені белгісіз.

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев келесі жекпе-жектің уақытын жариялады.

«Ассалаумағалейкум, достар! Рингке оралғаным туралы қуана хабарлаймын. 18 наурызда Ыстамбұлда кездескенше», – деп жазды ол.

Әзірге қарсыластың кім екені белгісіз.

Жекпе-жек бірінші ауыр салмақтағы дивизионда өтеді. WBC Middle East Championship атағы сарапқа салынады.

Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен соңғы жекпе-жекте Қожомбердиев Түркиядан келген Хамза Гүнешті бірінші раундта нокаутпен жеңді. Сол кезде қазақстандық WBO Intercontinental бірінші ауыр салмақтағы бос белбеуінің иегері атанды. Сондай-ақ Қожамбердиев WBC ABC Continental «уақытша» чемпионы атағына ие.

Басқа жаңалықтар

Back to top button