Футбол

Ресми! Джуниор Кабананга ҚПЛ-ге оралды

Атакенттің «Мақтаарал» клубы Конго шабуылшысы Джуниор Кабананганың трансфері туралы ресми хабарлама жасады.

«Иә, бұл рас. Джуниор Кабананга ресми түрде «Мақтааралдың» ойыншысы болды!» – делінген клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Джуниор Кабананга есімі қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Кезінде ол «Астанада» өнер көрсеткен.

Бұған дейін ол Бельгия құрамаларында ойнады — «Андерлехт», «Бершот», «Руселар», «Циркл Брюгге», сонымен қатар түркиялық «Карабукспоре», белорустың «Шахтерында» доп тепті. Ол сондай-ақ Азия футболымен жақсы таныс. Ол «Әл-Наср», «Катар СК», «Сучжоу Дуню» сияқты командаларда ойнаған.

Ал «Астанамен» бірге Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Содан кейін Кабананга Конго құрамасына шақырту алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button