Бокс

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Боксшы бұл туралы Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Жанкүйерлерім секілді мен де жекпе-жек өтетін күн мен қарсыластың кім болатынын күтіп жүрмін. Алдағы аптада бәрі шешіледі деген үміттемін», — деп жазды Әлімханұлы .

Айта кетейік, Әлімханұлы бұған дейін шарша алаңдағы жекпе-жегін былтыр қараша айында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. Онда британиялық боксшы Дензел Бентлиді 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіп, WBO чемпионы атағын алғаш рет қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button