Футбол

Жас футболшылар қуантты

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогында күміс медаль алды.

Минскідегі турнирге құраманы Александр Кузнецов бастап барған. Алдымен, жерлестеріміз Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасын жеңді. Матчтағы жалғыз голды Эльхан Саидов соқты.

Қазақстан U-17 – Ресей U-16 – 1:0

Гол: Эльхан Саидов, 40 (1:0).

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Ерасыл Сәрсенбай, 49), Ілияс Әбіл (Виктор Лакеев, 65) (Шахбоз Тураев, 77), Ахметәли Қалтанов, (Тимур Құрбанов, 49) (Эмин Мусаев 77), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан (Аян Байдәулетов, 49), Тамерлан Ағыманов (Алан Адахаев, 65) (Әділет Өмей, 77);

Ресей U-16: Егор Плотников (қ), Константин Трон (Максим Радченко 74), Артем Чистяков (Эмин Эскеров, 51), Мингиян Бадмаев, Кирилл Житлов, Леонид Кононов (Тимур Батрчин, 61), Артем Хмарин (Егор Бурхин, 61), Артем Пономарчук (к) (Алексей Бондаренко, 74), Александр Бекетов (Даниил Житников, 51), Артем Сидоренко (Егор Комельков, 51), Павел Голубков (Николай Кобылин, 61);

Одан кейін Өзбекстаннан келген 16 жасқа дейінгі құрамадан басым түсті. Ойынның 10-минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты.Араға тура он минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.Матчтың соңғы минутында ойынға екінші таймда араласқан Виктор Лакеев көзге түсіп, кездесуге нүкте қойды.Қазақстан құрамасының сапынан матчтың үздік ойыншысы болып Ілияс Әбіл танылды.

Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-16 – 3:0

Голдар: Ілияс Әбіл, 10 (1:0).Тамерлан Ағыманов, 20 (2:0). Виктор Лакеев, 80 (3:0).

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Виктор Лакеев, 63), Ілияс Әбіл, Тимур Құрбанов (Ахметәли Қалтанов, 41) (Эмин Мусаев 56), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан (Аян Байдәулетов, 56) (Әділет Өмей, 78), Тамерлан Ағыманов (Ерасыл Сәрсенбай, 56) (Алан Адахаев, 78);

Өзбекстан U-16: Оятилло Акрамов (қ) (Зикруллох Хотамджонов (в) 25), Шорахим Шорахметов (к) (Озодбек Шарипов 65), Бехрузджон Каримов, Хусан Купайсинов (Рихсибой Абдухаримов. 41), Ферузбек Олимов (Ұлықбек Маратов, 63), Ходжиахмад Хусанов (Комронбек Юсупов. 28), Фарух Агаев (Муминхон Баходирхонов. 41), Муслимбек Хабибуллаев, Диёрбек Таджиев (Диёр Ерманов. 69), Даврон Тулаганов (Акмал Ахмато.в 63), Самир Курбанов (Саддам Ахмадов, 25);

Топтағы үшінші ойында алаң иелерімен өткізді. Бұл матчта да Қазақстан гол жіберген жоқ. Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс добын Ілия Әбіл кіргізді.

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)

Гол: Ілияс Әбіл, 46

Беларусь U-17: Константин Вератянский (қ), Михаил Александров (Артем Белорус 58), Никита Кондратеня, Захар Баранок, Руслан Мялковский (к), Артем Соколовский, Никита Люкевич (Артем Воскобойников, 41), Марк Мокин (Тимофей Симаненка, 58), Павел Шевченко (Матвей Соколовский, 58), Трофим Мельниченко (Никита Чуйко, 58), Никита Майоров (Максим Кононов, 41);

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақпар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Аян Байдәулетов, 60) (Алан Адахаев, 78), Ілияс Әбіл, Тимур Құрбанов (Ахметәли Қалтанов 41), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан, Тамерлан Ағыманов (Ерасыл Сәрсенбай, 60);

Өкінішке қарай, отандастарымыз финалда Ресейдің 17 жасқа дейін құрамасына есе жіберді.

Ойынның алғашқы бөлігі тең аяталғанымен, екінші таймда қарсыластардың жолы болды. Қорытынды есеп – 1:3. Қазақстан құрамасынан жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл көзге түсті. Ол турнирдегі үшінші голын соқты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирдің күміс жүлдесін иеленді. Ал біздің команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар Даму кубогының үздік қақпашысы атанды

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 1:3

Голдар: Вадим Пастушков, 2 (0:1). Ілияс Әбіл. 8 (1:1). Иван Бобер, 68-пенальтиден (1:2).Егор Сысоев, 73 (1:3).

Александр Кузнецов бапкердің еңбегін ерекше атап өткен жоқ. Жас футболшылардың басын біріктіріп тәп-тәуір команда құрған. Бір кездері Ресейдегі Гранаткин мемориалында Еркебұлан Сейдахметтің бағын жаққан Кузнецов тағы бір толқынның футбол әлемінде қалыптасуына еңбегін сіңіріп жатқаны байқалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button