Бокс

Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралатын күн анықталды

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың рингке оралу күні анықталды (26-0, 19 КО).

BoxRec мәліметінше, Тұраров алдағы жекпе-жекті 21 наурызда Алматыда өткізеді. Қарсыласы – мексикалық Алехандро Менесес (16-5, 9 КОД), ол IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпион атағын қорғайды.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында Алматыда өткен соңғы жекпе-жекте Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта жеңіп, IBO Intercontinental бос белбеуін жеңіп алды.

Менесес Ливерпульде сәуірде өткен айқасының тоғызыншы раундында британиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) техникалық нокаутпен сенсациялық түрде жеңіп, белбеуді иеленген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button