Футбол

Футболдан Суперкубок өтетін қала белгілі болды

25 ақпанда «Астана» мен «Ордабасы» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады.

Турнир осымен 16-рет ұйымдастырылады. Бұған дейін осы трофей үшін 15 матч төрт қалада — Астана, Алматы, Қостанай және Түркістанда өткен болатын.

Суперкубок үшін матч осымен оныншы рет Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. 2010-2016 жылдар аралығында елордада қатарынан 7 Суперкубок матчы өтті. Алматы бұл турнирді 4 рет және соңғы рет 4 жыл бұрын өткізген. Сондай-ақ Қостанай мен Түркістанда бір-бір реттен өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button