Футбол

«Қайрат» клубының қатары израильдік қорғаушымен толықты

Израиль құрамасының қорғаушысын Алматы клубы осы жылдың соңына дейін жалға алға алған

Жасы: 24
Позициясы: орталық қорғаушы
Бойы: 182 см
Салмағы: 76 кг

Офри Хайфа округінде орналасқан кибуц Ха-Хотримде дүниеге келген. 2008 жылы ол «Маккаби» Хайфа футбол клубының академиясына түсіп, 2016 жылы 17 жасында Израиль чемпионатында негізгі құрамда дебют жасады.

2017/18 маусымда Арад жалдау құқығымен Рамат Ганнан «Хапоэльге» көшті. Бұл команда сапында 36 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Жазда қорғаушы бұрынғы клубына оралып, содан кейін негізгі құрамда өнер көрсетті. «Маккабиде» ол 142 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Офри Арад – Израильдің 2 дүркін чемпионы, ел Кубогы мен Суперкубогының иегері. Сонымен қатар ол еурододаларда ойнаған. 2021/22 маусымда Арад командасының сапында УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде Нидерландтың «Фейенорд», немістің «Унион» және Чехияның «Славия» клубтарына қарсы ойнады. Ал өткен күзде УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында ПСЖ және «Бенфикаға» қарсы ойындарда алаңға шықты.

2020 жылы Офри Израиль құрамасында дебют жасап, құрама сапында 8 матч өткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button