Бокс

«Страндж-2023»: Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Ерасыл Таңқай Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» кубогын сәтті бастады.

Отандасымыз60 келі салмақта италиялық Даниэле Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Италия боксшысын нокдаунға да жіберген еді.

Осылайша ол жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Мамандар арасында «Страндж» турнирі кіші әлем чемпионаты ретінде бағаланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button