Бокс

Ертуған Зейнуллинов «Странджа» кубогының 1/8 финалына өтті

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» кубогында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Отандасымыз 63,5 келідге дейін салмақта өнер көрсетіп жатыр. Ол 1/16 финалда испаниялық Конде Ойер Ибарречемен кездесті.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Енді ол 22 ақпанда өзбекстандық Мужибулло Турсуновпен қолғап түйістіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button