Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын 20 секундта ауыр нокаутқа түсірді

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирін сәтті бастады. 

Ол 92 келіден жоғары салмақта 1/8 финалда нидерландиялық Стэн Бертенспен қолғап түйістірді. Нәтижесінде екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев 1/4 финалға жолдама алды.

Қазақстандық спортшы бұған дейін 2020 жылғы жазғы Олимпиадада қола жүлде алса, екі мәрте әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанған. Ал Азия чемпионатында төрт мәрте екінші орын алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button