Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев WBA рейтингінен шығып қалды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандық боксшы Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик. Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен шығып қалған. Ал Серік Мұсәділов 15-орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпион – франциялық Арсен Гуламирян.

Суперорта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы суперчемпион – мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтағы чемпион – Геннадий Головкин. Уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта суперчемпион жоқ. Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы – өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button