Бокс

The Ring: үздіктер қатарында төрт қазақстандық боксшы бар

Беделді The Ring журналы барлық дивизиондағы ең мықты боксшылар рейтингін жариялады.

Орта салмақта үздіктер тізімінде Қазақстаннан үш боксшы бар.

WBA Super чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында. Үшінші орында WBO титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы тұр. ТОП-10-ды жеңілмеген Мейірім Нұрсұлтанов түйіндеп тұр.

Екінші орта салмақ рейтингінде Әли Ахмедов бар. Ол оныншы қатарда. Бұл салмақтың үздігі – абсолютті әлем чемпионы Сауль Альварес.

Pound-for-pound рейтингінде ауыр салмақтағы боксшы украиналық Александр Усик (IBF, WBA, WBO, The Ring чемпионы) көш бастап тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button