Аралас жекпе-жек

Шавкат Рахмонов ММА тарихындағы үздік спортшыларды атады

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов үздік жауынгерлердің тізімін атады.

«Джон Джонс, содан кейін Андерсон Силва, Деметриус Джонсон, Хабиб Нурмагомедов және Джордж Сент-Пьер. Бұл тізімге мен Федор Емельяненконы да қосар едім, ол біздің кумиріміз болды», – деді Рахмонов.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен соңғы жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов үшінші раундта американдық Джефф Нилді тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл жерлесіміздің UFC-дегі бесінші, кәсіби мансабындағы 17-жеңісі болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button