Бокс

Алуа Балқыбаева алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері А. Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен шеберлік байқасты.

Алуа қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Төрешілер есебі – 5:0.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова былтыр Стамбұлдағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған. Сонымен қатар 2022 жылғы Азия чемпионы. Бүгін Алуадан бөлек, Жайна Шекербекова (54 келі) мен Надежда Рябец (66 келі) Оңтүстік Корея боксшыларымен жолығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button