Ұлттық спорт

Шымкент жамбы атудан Азия кубогын өткізіп жатыр

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында және ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында алғаш рет жамбы атудан Азия кубогы өтіп жатыр.

Жарысқа Иордания, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстаннан үздік ат садақшылары келді.

Азия кубогын Жамбы ату республикалық федерациясы, Шымкент қаласының әкімдігі мен Спорт басқармасы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы ұйымдастырады.

Жамбы атудан Азия кубогының салтанатты ашылуы 20 наурызда Шымкент қаласының ипподромында өтті. Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Азия Кубогына ат үстінде садақ атудан атақты спортшылар – Мустафа Эниз Юрдакок (Түркия), Джанг Ли (Қытай), қазақстандық спортшылар Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Бабажан Бақдәулет, Абзал Төлібеков, және белгілі садақшы-қыздар – Анна Сакольска (Польша), Любовь Морока (Иран) белсене қатысып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button