БастыБокс

Жанқош Тұраров IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) Алматыда өткен бокс кешінде IBO чемпиондық белбеуін иеленді.

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, қазақстандық айқын фаворит саналды. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген және Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталды, оның қарсыласы оныншы раундтың басында ойыннан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуін жеңіп алды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.

Осылайша, Жанқош Тұраров елімізден шыққан жетінші әлем чемпионы атанды. Бұған дейін Бейбіт Шүменов, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов, Данияр Елеуісінов, Жәнібек Әлімханұлы чемпион болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button