Бокс

Жан Кособуцкийдің алдағы жекпе-жегінің уақыты анықталды

Ауыр салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (19-0, 18 КО) алдағы жекпе-жегінің уақыты анықталды.

34 жастағы спортшы 3 маусымда Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

Жекпе-жек ауыр салмақта өтеді және 12 раундқа есептелген. Қарсыластың аты әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Жан кәсіпқой бокста жеңіліссіз келеді. Еншісінде 19 жеңіс бар, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Кособуцкий бұған дейінгі айқасын өткен жылғы қарашада Оберхаузенде (Германия) өткізіп, жергілікті боксшы Хуссейн Мұхамедті мерзімінен бұрын жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button