Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутпен жеңді

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Орта салмақтағы жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды.

Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, оның 11-і мерзімінен бұрын аяқталды. Жапон боксшысы 15 жеңіс пен 1 ​​тең нәтижеден кейін мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button